Ұйықтап жатқан полицейлер хитке айналды
2018 ж. 20 қыркүйек
2219
0
Оқу-жаттығу кезінде Шымкент театрының фойесінде ұйықтап қалған екі тәртіп сақшысына қатысты қызметтік тексеру басталды, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Шымкент қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйқықұмар екі полицей қызметтерінен шеттетілмеген. Оларды қандай жаза күтіп тұрғаны тек тексеру шаралары аяқталған соң белгілі болмақ. Түнде ұйқысы қанбайтын тәртіп сақшылары не лауазымдарынан айрылуы, не болмаса мүлде ішкі істер органдарынан қуылуы да мүмкін екен.
Айта кетсек, тәтті ұйқының құшағында жатқан полицейлерді тұрғындардың бірі ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған еді.