Ақтөбеде орамал таққан үш оқушының ата-анасы қамауға алынды
2018 ж. 19 қыркүйек
2530
0

Ақтөбе облысында мектепте сабақ кезінде қыздарынан орамалды шешуге қарсы болған үш ер адам әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақтөбе мамандандырылған әкімшілік соты мектеп формасы ережесін сақтамау да қоғамдық тәртіпті бұзумен тең деп бағалады. Ереже бұзған екі ер адам - үш тәулікке, ал біреуі - бес тәулікке қамалады.
"2018 жылы 14 қыркүйекте Ақтөбеде мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша үш ер адамға қатысты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін сот ісі қаралды. Сот шешімімен ереже бұзушылар қамауға алу туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылды: екі ер адам - үш тәулікке, ал біреуі - бес тәулікке қамалады", - делінген облыстық сот баспасөз қызметіндегілер.