ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛДЫ
2018 ж. 17 қыркүйек
2609
0
Қазақстан Жазушылар үйінде қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі, белгілі жазушы Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдық мерейтойына арналған журналистер арасында шахмат турнирі болып өтті.
Турнирді «Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлім, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары Ләззат Ноғайбаева ашып, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Есенғали Раушанов, Т.Әлімқұловтың жары Есімгүл Болысбайқызы жазушының шығармашылығы мен адамгершілік қасиеттері туралы естеліктерін ортаға салды. «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ақиқат» қоғамдық-саяси журналының ұйымдастырумен бесінші рет өткен бұл жарыс та тартысты болды. Бұқаралық ақпарат саласында табысты қызмет етіп жүрген журналистер шахмат өнерінен де кем түспейтіндерін көрсетті. Жарыс қорытындысында «Үркер» журналының бөлім меңгерушісі Нұрлан Құмар жеңімпаз атанды. Екінші орынды Зейнел Жекейұлы, үшінші орынға Тілек Абдрахимов ие болды. Ынталандыру сыйлықтарына Данияр Сейсенбаев, Ғабит Қарабаев және ардагер жазушы Тәжібай Жанаев лайық деп танылды. Жеңімпаздарға ақшалай және бағалай сыйлықтарды Тәкен Әлімқұловтың жұбайы Есімгүл Болысбайқызы өз қолымен табыстады.
qazaquni.kz