Астанада өткен брифинг барысында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Президенті Бекболат Тілеухан осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бекболат Тілеухан өз орнын босатуға дайын екенін айтты
2018 ж. 10 қыркүйек
3282
0
«Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы президенттігінен кетуді халық талап етсе, орныңызды босатуға дайынсыз ба?» деген сауалға Бекболат Тілеухан қуана-қуана кететін айтты.
«Мына адам сенің орныңа қызмет атқарады десе, қазір босатып беруге дайынмын. Міне, халықтың алдында отырмын ғой. Осы жаңалықтарды 18 млн адам көреді ғой, қазір беруге дайынмын. Мен өзіме тиесілі дүниені орындадым деп ойлаймын» - дейді Бекболат Тілеухан.
Сонымен қатар ол, ұлттық спорттың айналасында жүрген жігіттердің көбі өзіне дейін осы саланың қазанында қайнаған азаматтар екенін айтты.
«Сондықтан бұл жерде мен атақ үшін, болмаса басқа үшін отырған жоқпын. Кез келген уақытта, орныңа басқа адам отырады деп, алып тастаса да ренжімеймін. Бірақ, көкпар дегеннің не екенін, аударыспақ дегеннің не екенін, жалпы ұлттық спорт дегеннің не екенін түсінбейтін біреулердің аяқ астынан ұлттық спорттың жанашыры бола қалғаны таңқалдырады» - дейді ол.