Сабаннан жасалған тиін мүсіні Қазақстаннан қашан көшірілетіні және қалай көшірілетіні әзірге белгісіз, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматыдағы тиін мүсіні Санкт-Петербургке көшірілуі мүмкін
2018 ж. 06 қыркүйек
2896
0
Жақында Алматыда тиіннің «бәсекелестері» пайда болады. Олар: ұлулар, қызыл түсті кішкентай адамдардың мүсіндері мен музыкалық аспаптар. Park Fest фестивалі аясында Алматыда 60 арт-нысан пайда болады. Италиялық суретші салған ұлулар Тимирязев көшесінің бойына қойылмақ. Қалған мүсіндер қыркүйек айының соңына дейін дайын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар қаланың сүреңсіз тұстарын әрлемек. Бұл байқауға Қазақстан, Ресей, Америка, Еуропадан 500-ден астам суретші мен сәулетші қатысуға ниет білдірген. Қала билігі бұл мүсіндерге қанша қаражат бөлгені әзірге құпия, алайда фестивальді ұйымдастыруға 189 миллион теңге бөлінгені белгілі.
«Қаланың мыңжылдығына арналған жұмыстар болады. Бұл – ойыңды өнер туындылары арқылы жеткізудің жақсы тәсілі», - дейді Park Fest фестивалінің кеңесшісі Ольга Веселова.