Биатлоннан әлем чемпионы Астана әуежайында ер адамды ажал аузынан құтқарды
2018 ж. 28 тамыз
2062
0

Жастар арасында биатлоннан екі дүркін әлем чемпионы Дмитрий Шамаев Астана әуежайында ер адамның өмірін құтқарып қалды, - деп хабарлады sputniknews.kz.
Ресейлік Дмитрий Шамаев "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында эпилепсиясы ұстап қалған ер адамға жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсеткен. Спортшының батыл қадамы жайында "Школа биатлона в Удмуртии" парақшасында жазылыпты.
Ресейдің спорт шебері Дмитрий Шамаев 1995 жылы маусымда Удмурт республикасында дүниеге келген. Спортшы Ресей чемпионатының жүлдегері болып, жастар арасында екі рет әлем чемпионы атанған.