Кәмілеттік жасқа толмаған соң, тергеушілер қыздың анасын да шақыртқан. Бойжеткен бұл жұмысты әлеуметтік желіден тапқанын айтып ақталды. Тінту кезінде қалтасынан ішінде синтетикалық есірткісі бар 15 түйіншек табылған. 17-сін қаланың әр жеріне көміп үлгерген екен. Айтуынша күніне 40 түйіншекке дейін жеткізіп отырған. Бірақ оның ішінде не болғанынан хабарсызбын дейді. Тек әр көмген түйіншекке есепшотына 800 теңгеден түсіп отырған. Ел аузында «спайс» аталып кеткен есірткінің таралымы Қарағандыда кең етек жайып жатқанын полицейлер жасырмайды. Оның жарнамасы ғаламтор мен қаланың әр жерінде толып тұр. Тәртіп сақшыларының айтуынша күрес жүріп-ақ жатыр. Бірақ, әзірше қолға түсіп жатқандары «спайсты» таратушылар ғана. Бақытжан
Құдияров Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
- Азаматшаның көрсетуі бойныша 17 пакет алынды. Жалпы жыл басынан бері ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасымен есіткі заттарын тасымалдауға қатысты 35 қылмыстық іс қозғалды. Есіткі заттарын жарнамалайтын 10 интернет ресурстарын жабуға хат жолданды.