Жақсылық Омар Өскемен қаласына әкім болып тағайындалды
2018 ж. 20 тамыз
3998
0
Шығыс Қазақстанның облыс орталығына жаңа әкім тағайындалды. Оны қала активіне облыс әкімі Даниал Ахметов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жақсылық Омар 2013 жылдың мамырынан 2016 жылдың қарашасына дейін ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын. Ал күні бүгінге дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Жақсылық Мұқашұлы 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - география пәнінің оқытушысы, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры. Еңбек жолын ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Республикалық халықаралық мәдени бағдарламалар комитеті дирекциясының жетекші маманы болып бастады.
Әр жылдарда Мәдениет министрлігінде жетекші маман, бас маман, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРК дирекциясы директорының орынбасары, қоғамдық-саяси бөлімінің продюсері, «Арнамедиа» ҰАХ» АҚ бас менеджері, Парламент Мәжілісі аппараты баспасөз қызметінің сарапшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.