Түркия доллардан бас тартты
2018 ж. 13 тамыз
6640
0
Түркия Қытай, Ресей, Иран және өзге де аса ірі сауда әріптестерімен ұлттық валюта бойынша есеп айырысуға көшеді. Бұл жайында аталған елдің президенті Режеп Тайып Енрдоған мәлімдеді.
Оның айтуынша, Түркияның мұндай қадамға баруына АҚШ пен Түркия арасындағы қатынастың нашарлап кеткені себеп болып отыр.
Жұма күні Ақ үй қожайыны Дональд Трамп Түркиядан келетін қалайы (20 пайызға) мен болатқа (50 пайызға) баж салығын екі есе арттырғанын мәлімдеген болатын. Америкалықтардың бұл кедендік шарасы түрік лирасының кезекті құлдырауына түрткі болды. Дәлірегі, долларға шаққандағы бағамы 6,62-ға дейін құлдырап, 20 пайызға арзандап кетті.
Осы орайда естеріңізге сала кетсек, екі елдің қатынасы 2016 жылы түрік билігінің пәрменімен америкалық пастор Эндрю Брансонды тұтқындағаннан кейін нашарлап кеткен болатын.
Эндрю Брансон күрдтер арасында уағыз жүргізіп, Түркияның орнына христиан мемлекетін құруды насихаттағаны үшін абақтыға жабылған болатын.