Халықаралық конкурстың жеңімпазын Мәдениет министрі құттықтады

  Қазақтың дарынды әнші қызы  Сая Махамбетқызының Мәскеуде өткен халықаралық әншілер бәйгесінің жеңімпазы болып, Гран приді иеленгенін   осының алдында елден сүйінші сұрап хабарлаған болатынбыз.  Алғашқы  құттықтаушы - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болды деп хабарлайды  "Қазақ үні" ақпарат порталы. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әншісі, Мәскеу қаласында өткен «Пироговский рассвет» халықаралық эстрадалық орындаушылар конкурсында Бас жүлде ұтып алған Сейтімова Сая Махамбетқызы,  байқауда үздік атанып келуіңізбен шын жүректен құттықтаймын.  Сізге зор денсаулық, шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!"- деп құттықтады Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. qazaquni.kz