Ақтауда қоқыс жәшігінен ер адамның мәйіті табылды

Ақтауда қоқыс жәшігінен ер адамның мәйіті табылды деп жазады Lada.kz.

Басылымның мәліметінше, ер адамның мәйіті бүгін қаладағы 15 ықшамауданынан сағат таңғы 08.35 шамасында табылған.

Маңғыстау облыстық ІІД-нің хабарлауынша, күдікті ұсталды.

"Қайтыс болған адамның кім екені анықталды. Жедел топ жасағы құрылып, бір сағаттың ішінде күдікті ұсталды. "Кісі өлтіру" ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.