Көпқабатты тұрғын үйдің 6-шы қабатында тұратын Воронцовтар отбасы пәтерінен жылан тауып алған. Қауіпті қонақтың пәтерге қалай кіргені белгісіз. Абырой болғанда отбасы мүшелері дін аман, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.
Қарағандыда пәтерден жылан табылды
2018 ж. 25 шілде
3480
0
Қарағандыда Нүркен Әбдіров даңғылының бойындағы 25-ші үйдің тұрғындары қауіпті қонақпен бетпе-бет келген. Алтыншы қабаттағы пәтердің асүйіне кірген жыланды ең бірінші үйдегі әжей байқаған.
«Таңертең ерте 8-дер шамасында әжеміз немересін емxанаға апармақ болып дайындалып, асүйге кірген. Сонда жерде жатқан жыланды көрген. Бірден қалалық құтқару қызметіне xабарластық. Олар тез келді. Бірақ жыланды бірден ұстау мүмкін болмады. Ол асүй жиһазының артына жылжып кіріп кетіп, шықпай қойды. Құтқарушылар үшінші рет келгенде ғана жыланды ұстау мүмкін болды», - дейді Андрей Воронцов.
Оның айтуынша, үйге құбыр мен кәріз жүйесі өтетін жерлердің барлығы жақсы жабылған. Жыланның ол жолдармен келуі мүмкін емес.
«Қаланың қақ ортасындағы пәтерге жылан қайдан келгендігін білмей дал болудамыз. Жыланның улы немесе улы еместігін білмейміз», - дейді Андрейдің жұбайы.
Құтқару қызметі жыланды пәтер иелеріне қалдырған. Олар жыланның иесі көршілер арасынан іздеп көрмек.
«Бізге таңертең кішкентай баламен бірге асүйдегі жыланның үстінен түскен әйел қоңырау шалды. Аталған пәтерге 3 рет келдік. Жылан жиһаздардың, асүй теxникасының артына жылжып кіріп кетіп, таптырмай қойды. Үшінші рет келгенде ғана ұсталды. Өкінішке орай жыланның қай түрге жататынын анықтай алмадық. Болжам бойынша жылан көрші пәтерлердің бірінен келуі мүмкін. Бірақ тұрғындардың айтуынша бауырымен жорғалаушыларды асырайтын көршілері жоқ», - дейді «1355» жекеменшік құтқару қызметінің жетекшісі Андрей Фридовский.
Пәтерінен қауіпті қонақ табылған Андрей Воронцов жыланның улы не улы еместігі анықталғаннан кейін оны қайда жіберетіндігін шешетінін айтты.
«Егер жыланның иесі табылмайтын болса оны зоодүкенге немесе зообаққа апарамын. Әзірге қорқынышымыз сейілген жоқ. Өз-өзімізге келген соң жыланмен не істейтінімізді шешетін боламыз», - деді ол.