Астанада полицейлер балаларды қағып кетті
2018 ж. 23 шілде
3263
0
Астанада патрульдік көлік екі баланы қағып кетті. Бұл туралы Sputnik порталына елордалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Жол апаты 20 шілде күні Сейфуллин мен Рақымов көшелерінің қиылысында болған.
Велосипедіне 9 тоғыз жасар бүлдіршінді отырғызған 12 жастағы бала жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан. Сол сәтте оны патрульдік көлік қағып кетеді.
"Жол апаты фактісі бойынша анықтау шаралары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады полиция.
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Балалар медициналық мекемеге жүгінбеген. Жол-көлік оқиғасы елордалық полицияның бейнекамераларына түсіп қалған.
Патрульдік көліктің жүргізушісіне қатысты процессуалды құжаттар толтырылды. Құжаттар процессуалды шешім қабылдау үшін Астананың әкімшілік полиция басқармасына жолданды.