Денис Тенге шабуыл жасаған жерден фотолар жарияланды
2018 ж. 20 шілде
6158
0

Денис Теннің ақ түсті Lexus көлігі Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында спортшыға шабуыл жасалған жерде тұр деп хабарлайды sputniknews.kz.

Екі қаскөй белгілі спортшының көлігінің айнасын ұрлап алмақшы болады, бірақ көліктің иесі келіп қалған. Төбелес шығып, салдарынан жас спортшы пышақ жарақатын алады. Пышақтың жүзі Денис Теннің жамбас күретамырына тиген.

Спортшы үш литрге жуық қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ 25 жастағы Тен жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Полицейлердің айтуынша, қылмыстық іс әуелгі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және 192-бап "Қарақшылық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 99-бабына ("Адам өлтіру") ауыстырылды.