Құны 230 мың теңге: Студенттер сабаннан Алматыдағыдай тиін мүсінін айнытпай жасады
2018 ж. 18 шілде
5780
0
Студенттер сабаннан Алматыдағыдай алып ескерткіш тиін жасады. Тиін мүсіні Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жамбыл ауылында жасалған.
Бұл туралы stan.kz хабарлайды.Сурет желіде тарады. Продюсер Баян Мақсатқызы да парақшасына жүктеп, мүсінді 230 мың теңгеге студенттердің жасағанын айтты.
“Тиінді небәрі 230 мың теңгеге жасаған. Бұл деген керемет”, – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Студенттер тиінді видеоға түсіріп, оны жасаудағы мақсатын айтты.
“Біз Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері мен болашақ ауыл шаруашылық мамандары өз қолымызбен осындай тиін жасап шығардық. Біз ауыл шаруашылығының және еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қосқымыз келеді”, – деді студенттер.
Олар тұрғындарды “Дала күні” мерекесін тойлауға шақырды.
Желі қолданушылары бұл тиіннің қаладағы алып тиіннен айнымай тұрғанын, қомақты ақша жұмсамай-ақ тиін мүсінін жасауға болатынын айтып жатыр.
Айта кетейік, Алматыда алып тиін мүсіні орнатылып, ел арасында талқыға түскен еді. Сабаннан жасалған тиін мүсініне 23 млн теңге бөлінген. Көпшілік жұмсалған ақшаның көптігін айтып сынаған болатын.