Хорватия құрамасының шабуылшысы барлық жерлестерінің несиесін жауып берген
2018 ж. 16 шілде
2378
0
Хорватия құрамасының шабуылшысы Анте Ребич туған ауылында тұратын барлық тұрғындардың несиесін жауып берген. Аталған ауылда шамамен 500 адам тұрады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
“Ол Сплитке жақын жердегі ауылдардың бірінде туып-өскен. 19 жасында итальяндық “Фиорентинаға” кетсе де, ешқашан шыққан тегін, түп-тамырын ұмытқан емес», – дейді футболшының әріптес-досы Ловро Шиндик.
Бір жолы Анте кішігірім елді-мекенде тұратын барлық тұрғындардың несиесін төлеп берген, деп жазады Vijesti.