АЛМАТЫДАҒЫ КРИШНАИТТЕР КЕРУЕНІ

1
1936

«Харе Кришна» деп ән
салып жүр талай қазақ баласы…

     Сейсенбі күні Алматыдағы Жібек Жолы көшесі бойындағы «Арбат» маңында әлем-жәлем киініп, қаланы басына көшіре даңғырлатып, айғайдан аумайтын «Харе Кришна» әндерін айтып, мәңгіріп бара жатқан кришнаиттердің кезекті керуені өтті. Бұл керуен оңтүстік астанада айына бір рет өтіп тұрады. Сондықтан да, бұған алматылықтардың еті әбден үйренді. Ең өкініштісі, «Арбатта» екі сағаттай өз «өнерлерін» көрсеткен сектанттардың 80 пайызы өзіміздің өрімдей қаракөздер екен. Тіпті, қолдарындағы кітапты ұстап алып, өз секталарына кіруге жұртшылыққа насихаттап жүргендер де қазақтың қыз-жігіттері. Олардың қазақ екенін түрінен ғана білмесеңіз, киім-киістері, жүріс-тұрыстары нақ кришнаиттерден аумайды. Ал, олардың «Харе Кришна» деп айтып жүрген әндеріне «Wikipedia» ашық энциклопедиясында: «Мантра «Харе Кришна» состоит из 16 слов, которые являются именами Бога на санскрите: Харе, Кришна и Рама:
Харе Кришна Харе Кришна
Кришна Кришна Харе Харе
Харе Рама Харе Рама
Рама Рама Харе Харе
Бхактиведанта Свами Прабхупада объясняет, что «Харе» – это обращение к энергии преданного служения Богу, персонифицированной формой которой является женская ипостась Бога – Радха. Слово «харе» представляет собой звательный падеж от Хара – одного из имён Радхи. «Кришна» и «Рама» – это имена Бога, которые соответственно переводятся как «Всепривлекающий» и «Всерадующий». Таким образом, текст мантры можно перевести как «О Всепривлекающий, о Всерадующий Господь, о духовная энергия Господа! Прошу, позволь мне преданно служить Тебе», – деп анықтама берілген. Міне, осылайша Алматының төрінде өз «құдайларын» насихаттау арқылы халық санасын улап жүрген кришнаиттерге «қой дейтін қожа, әй дейтін әже» табылмай тұр. Тіпті, «Көк базардың» төңірегінде күнелтіп жүрген саудагерлерге қырғидай тиетін полицейлердің кришнаиттердің жолына кесе көлденең тұрғанын көре алмадық. Осының салдарынан кришнаиттер Алматының қақ ортасында тайраңдап, жұртшылық санасын улап жүр…

Жасұлан МӘУЛЕНҰЛЫ
Алматы қаласы 

1 Пікір

  1. мен жұлдыз жорамалға сенуден қалдым олардың бәрі өтірік болып шықты.
    шындықты жазалмаса несі бар адамды үміттендіріп

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз