Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ең сүйікті жерін атады
2018 ж. 05 шілде
2311
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ең сүйікті орнын атады, деп хабарлайды Қазақ үні порталы.
«Жақсы көретін жерлерім көп. Әсіресе, «Бәйтерек» және оның айналасы ұнайды. Бір жағында Сыртқы істер министрлігі, екінші жағында Қорғаныс министрлігі. Ортасында тұрғын үй алабы және желек жолы. Бұл менің ең жақсы көретін жерім. Маған сол жерлерге барып тұрған ұнайды», - деді Елбасы Ақорданың Инстаграмдағы парақшасында жарияланған видеода.