Ашық айту – ардың ісі

«Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Президенті Асқар Мамин мырзаның назарына!

Аскар2

           Қай елді, қай ұлтты алып қарасақ та ана-тілі қасиетті ұғым болып саналады. Ана сүтімен бойымызға сіңіп, қанымызға таралғаннан кейін қалай қасиетті болмасын. Атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра емес пе ? Тіл әрбір елдің, ұлттың мақтанышы, асыл қазынасы. Ана тіліміздің тұғыры мықты, көсегесі берік болуы әрбір қазақтың отан алдындағы міндеті. «Ана тілін білмеу – ұлтқа жасалған опасыздық» деп жазған көрнекті орыс жазушысы К. Паустовский. Міне тіл заңына биыл 22 жыл толады. Елбасы бір сөзінде «Осы уақытқа дейін аюда қазақша үйреніп алар еді» деген. Мемлекет қазақтікі болғандықтан ұлттық мүддеге көмегі тисін, ұлттық мүддеге қызмет етсін, ұлттың жоғалтқанын жоқтап барына қамқор болсын деген оймен елбасы бірінші басшылардың бәрін қазақ ұлтынан тағайындауда. Өкіншке орай сол басшылар ұлттық мүддеге, мемлекеттік тілге көңіл бөлмей отыр. Басшылардың өй-өрісі тәуелсіз қазақ мемлекетінің саясатына сәйкес келмейді. «Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының персоналды басқару және әлуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президенті А.Х. Акчуриннің төрағалық етуімен өткен кеңестің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №11/699 хаттамасындағы талаптарды Қазақстан темір жолы басшыларының өздері орындамайды. Іс қағаздарының мәтіндерін көрші елдің мемлекеттік тілінде жібереді (бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, жеделхаттарды). Басшылар қазақша сөйлей алмайды, іс қағаздарын қазақ­ша жаза алмайды, осыны көріп отырған дәрежесі төмен, қарапайым адамдар қазақша сөйлеуге, жазуға жасқанады. Егер басшылар алдына келген қандастарымен қазақша сөйлесіп, іс қағаздарын қазақша жаз деп талап қойса онда іс басқаша болар еді. Намыстары оянып, құлдық санадан айығып, ұлтын сыйлап, тілін құрметтеп, қазақ қазақша сөйлеп тұрса, өзге ұлт өкілдері тілді тез үйренер еді. Қазақшаны орысшаға аударғаннан кейін ғана бірақ түсінеді. Өздерінің орысша жазғандарын қазақшаға аударып іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізіп отырмыз деп өзімізді өзіміз алдаумен келеміз. Осының өзі ақ біздің санамыз әбден күйзеліп, құлдыраған ауру сана екенін көрсетеді. Тіл үстемдігінен айырылған ұлт бәрінен айырылатынын сөйтіп, ұлттың жоқ болып жоғалып кететінін жақсы түсіну керек. Сын айтылмаса – мін түзілмейді. Ауруын жасырған –өледі.Ұжымды әр аптаның сәрсенбісі мемлекеттік тілде сөйлеу күні болып белгіленген. Ұлтымызды сыйлап тілімізді құрметтеп тым болмаса жұмасына бір рет мемлекеттік тілде сөйлеуге болады ғой? Өкінішке орай ол күнді ешкім елемейді де, еске де алмайды. Құрметті әріптестер! Бауырларым! Ұлтқа опасыздық, сатқындық жасамай тілмізді кемсітпей, қағаз жүзінде қалдырмай, ата баларымыздың аруағын сыйлап, намысқа тырысып, іс жүзінде зор ынтамен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жазып, қазақша сөйлесейік. Қазақ мемлекетінің тәуел­сіздігінің 20 жылдық мерейтойын осындай қуанышты жақсы істермен қарсы алайық Мемлекеттік тілді құрметтеп өзіне лайықты тұғырына қондыру баршамыздың міндетіміз. «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген елбасы Н.Назарбаевтың жалынды сөзін қолдап, оны орындау бізге міндет, орындамау қылмыс. Оян қазақ! Мемлекеттік тіл қазақ тілі оны сыйлаймын, құрметтеймін, қорғаймын! Өйткені ол менің ана тілім. Елбасымен, Қазақстанның болашағын бірге жасайық! Құрастырған: тіл жанашыры қол өнер шебері құрметті теміржолшы Баязит Қуандық Әбуұлы Павлодар қаласы.