«Ақ жол» сынынан кейін Үкімет бизнестің субсидиарлық жауапкершілігі туралы нормалардың орынсыз екендігін мойындады
2018 ж. 28 маусым
3805
0
«Ақ жол» - дың «жосықсыз салық саясаты» деп сынға алуынан кейін Үкімет бизнестің субсидиарлық жауапкершілігі туралы нормалардың орынсыз екендігін мойындады – бұл туралы Tengrinews.kz жаңалықтарынан белгілі болды (https://tengrinews.kz/money/medlennyih-menedjerov-predlagayut-nakazyivat bankrotstvo-347467/).
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 16 мамырында «Ақ жол» фракциясы өзінің жолдаған сауалында ЖШС-ға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге) қарыздарды төлеткізу төңірегінде орын алған әділетсіз жағдайға үкіметтің назарын аударған еді. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңға сәйкес ЖШС қатысушылары өздері жасаған салымдар шегінде ғана шығынға ұшырайды. Алайда, «Банкроттық және оңалту туралы» заңның нормалары бойынша – кәсіпорындардың қарыздарын ЖШС құрылтайшыларынан өндіріп алуы мүмкін. Осыған байланысты Азат Перуашев кәсіпорындардың берешегін адал құрылтайшылардың мойынына арттыруға жол берілмеу қажеттігін мәлімдеген болатын. Фракция ЖШС-ның типтік жарғысына кәсіпорынның міндеттемелері бойынша құрылтайшылардың жауаптылығы болмайтыны туралы норманы қайтаруын және адал кәсіпкерлердің ізіне түсуді доғаруын сұрады.
Премьер-Министрдің ағымдағы жылдың 8 маусымында берген жауабында кәсіпкерлерді субсидиарлық жауапкершілікке тарту негіздемесі заңды болып табылатынын және сол себепті Үкімет «Ақ жол» фракциясының талаптарын қанағаттандырудан бас тартқандығы атап өтілген.
20 маусымда демократтар көшбасшысы Үкіметке қайта жүгініп, берген жауаптарының абсурд екендігіне және субсидиарлық жауапкершілік туралы норманың нарыққа қарсы сипатқа ие екенін көрсетті. «Бұл өнертабыс біздің салықтық саясатымызға «үңгірлік» реңк береді және кәсіпкерліктің табиғатын түсіне алмайтындығын көрсетеді», - деп атап өтті Перуашев.
Бұл жағдайдың басын ашып, мән-жайды анықтауға «Время» газеті тырысып көрді – басылымның бүгінгі санында «Бизнесу надо помогать, а не обдирать» деген атаумен Азат Перуашевтің сұхбаты жарияланды (http://www.time.kz/articles/ugol/2018/06/25/biznesu-nado-pomogat-a-ne-obdirat).
«Үкіметтің жауабына сүйенсек, жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшыларының мүлкіне салынатын өндіріп алудың 85%-ы кәсіпкердің төлем қабілетсіздігіне ұшырағанға дейін 6 ай бұрын кәсіпорынның банкроттық рәсіміне бастамашылық жасамағандықтың негізінде ғана жүргізіледі...Алайда, тұрақсыз қаржыландыру бүгінгі күні бизнестегі ерекшелікке емес, ережеге айналды. Кәсіпкердің таланты өз компаниясын сақтап қалу үшін барынша күресу, қиындықтарды және сынақтарды еңсеру қабілетінен тұрады. Олардың көпшілігі 6 айда емес, «икс» сағатына 6 күн қана қалған кезде ғана шешімін тауып жатады. Ал, Үкімет болса бизнестің күреспей-ақ, бірден беріліп, банкротқа ұшырауын ұсынады... Ал, жеме-жемге келгенде, түбінде біз бұдан не ұтамыз? Президент айтып отырған бұқаралық
кәсіпкерліктің орнына бизнесте тек шенеуніктермен байланысы бар және тендерлерге қатысатын олигархтар мен компаниялар ғана қалады», - деп атап өтті «Ақ жол» жетекшісі, және ол мұндай тәсіл «кәсіпкерлерге күрделі жағдайларда қиындыққа төтеп беріп, өзінің бизнесі жолында күрескендігі үшін» жаза ретінде қызмет етеді деп мәлімдеді.
Бүгін ғана бұқаралық ақпарат құралдарында «Ақ жол» фракциясы депутаттарының үндеуінен кейін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев «Оңалту және банкроттық туралы» Заңның егер борышкер банкроттыққа ұшырағанын мойындап 6 айдың ішінде сотқа жүгінбеген жағдайда, ол субсидиарлық жауапкершілікке тартылады деген баптың күшін жоюға келісті деп хабарлады – бұл туралы «Tengrinews.kz» жариялады.
Премьер-Министрдің айтуынша, «оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру туралы заң жобасын әзірлеу шеңберінде» Заңның 11-бабының 2-тармағы 3-тармақшасында көзделген субсидиялауға негіздеме болатын төлем қабілетсіздігі ұғымын алып тастауды қайта қарау жоспарланып отырғаны» айтылды.
«Ақ жол» депутаттық фракциясы бұл шешімді құптайды және бюджет кірістерін репрессивтік шаралармен емес, салық базасын кеңейту және кәсіпорындардың жеке бастамалары мен тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасау арқылы қамтамасыз ету керек деген пікірін тағы бір рет білдіреді.
«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда.