Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кеткен (ВИДЕО)
2018 ж. 18 маусым
3151
1
ҚР ИДМ Көлік комитетінің өкілдері Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кетуінің алдын ала себептерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сарышаған - Шу учаскесінде Астанадан Алматыға бара жатқан №9/10 пойызының жолаушы вагондары рельстен шығып кетті. Оған машинистің жолдың қисайған жерін көріп, шұғыл тежегішті басқаны себеп болған. Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін ҚР ИДМ Көлік комитетінің жанында арнайы комиссия жасақталды», - деп мәлімдеді Көлік комитетінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызының апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. Одан кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырауына қатысты ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның шығу себебін тексеретін арнайы комииссия құрылғанын жария еткен еді.