Қылмыс әлемінің серкесі болған Сары Алмастың қызы алғаш рет сұхбат берді
2018 ж. 07 маусым
11341
2
Атышулы Сары Алмастың қызы Гүзәл отандық БАҚ-қа сұхбат берді. Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды. Гүзәл өзін Сары Алмастың заңды жұбайымын деп жүрген Ситора Назарова туралы сөз қозғапты.
«Ол туралы көп айтқым жоқ. Аса жақтыра бермеймін оны. Әкемнің атын пайдаланып өзінің жарнамасын жасап жүр. Оған керегі сол ғана. Бес жарым жыл бойы әкемнің заңды әйелі болғанын айтты. Өтірік айтады. Ол ешқашан Сары Алмастың заңды әйелі болған емес. Мұны қайдан алып жүр?
Иә, шешем қайтыс болғасын әкем босаңсып кетті. Көптеген әйелдермен жүрді. Олардан балалары да болды. Міне, сол кезде басқа әйелден менің сіңлім өмірге келді. Әкем, тек сол сіңлімді ғана мойындады. Оған өзінің фамилиясын берді. Сіңлімнің аты Роксана Несіпбайқызы Нәсенова. Оның жасы 23-те. Киевте өскен. Қазір АҚШ-та тұрады. Көрісіп, сырласып тұрамыз.
Бәлкім, басқа балалары да бар шығар. Егер танысып жатқан жағдайда араласып тұруға қарсым емеспін.
Алайда мынаны ескеріңіздер: биылғы жылға дейін әкемнің туған-туысқанын іздеген, әжеммен танысқысы келген бір адам болған жоқ. Әжем Алматыда тұрады.
Содан шығар әлдебіреулер «мен Сары Алмастың әйелімін» дегеніне күлкім келеді. Оның мұндай «әйелдері» өте көп болған…
Осымен бұл тақырыпты жабалық. Бәлкім, Ситораның менімен кездескісі келетін шығар. Бірақ, өзін әкемнің жұбайымын деп есептейтін әйелдердің бәрімен кездесе алмаймын…» деген екен Гүзәл.