Бас имам ораза ұстағандарға менингитке байланысты үндеу жолдады
2018 ж. 05 маусым
2838
1
Алматы Орталық мешітінің бас имамым Еркінбек Шохаев Рамазан айында ораза ұстағандарға менингокок вирусының өршуіне байланысты үндеу жолдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Имамның айтуынша, қалада менингокок вирусымен тіркелген науқастардың көбеюіне байланысты алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Вирустың өршуіне байланысты ауыз бекіткен адам өз бойынан аурудың белгілерін байқаса, оразасын тоқтатып, дәрігерге тезірек қаралуы тиіс. Сырқат асқына бастаса, науқас адамға оразасын ашуға рұқсат берілген, - деді бас имам.
Имамның сөзінше, ораза денсаулығына зиянын тигізбейтініне сенімді болу үшін ауыз бекіткен алдыңғы Рамазан айларындағы тәжірибесін есепке алуы немесе білікті мамандардың кеңесіне жүгінуі тиіс. Ал қарыз күндерін басқа айларда өтеуіне болады.
«Ораза тұтушының науқастанып қалғанына қарамастан ауыз бекітуі мүлде дұрыс емес. Себебі денсаулық – Алланың аманаты. Біз тұрғындарды Алла аманатын сақтап, денсаулықты күтуге шақырамыз», - деді имам.