Мемлекеттік қызметпен мәңгіге қоштасқан еліміздегі жемқорлардың есімдері аталды
2018 ж. 31 мамыр
6744
1
ШҚО-да өткен жиында 40-50 мың пара алам деп барлық абыройынан айырылып, мемлекеттік қызметпен мәңгілікке қоштасқан шенеуніктер, туралы деп хабарлайды altaynews.kz.
Бұл жайында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Танабаев «Нұр Отан» партиясында өтіп жатқан сыбайлас жемқорлық бойынша Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында мәлім етті.
Өскемен қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманыС.Қожахметов бір ЖШС басшысынан 40 мың пара аламын деп басы пәлеге қалды. Сот шешімімен 2 млн. 383 мың айыппұл төлеп, барлық дүние-мүлкі тәркіленгені аздай, мемлекеттік қызметтен өмір бойы шеттетелді.
50 мың пара алудың кесірінен Глубокое ауданы мемлекеттік кірістер органының жетекші маманы Д.Троцкийдің бас бостандығына 3 жылға шектеу қойылып, мемлекеттік қызметті атқаруы құқығынан өмір бойы айырылды.
«Майқапшағай» кедендік постының аға маманы Д.Рахымжанов ҚР ҰҚК шекаралық қызметінің 2017 әскери бөлімшесінің контролері, прапорщик М.Иманғалиевпен алдын ала келісім бойынша, Н.деген азаматтан Қытайдан тауарларын ешқандай рәсімдеусіз өткізуге қолдау көрсету үшін жүйелі түрде пара талап еткен. Барлық сомасы 105 мың теңге. Өскемен гарнизонының әскери соты Д.Рахымжановқа 6 млн 250 мың теңге айыппұл төлеу, Иманғалиевке 6 млн 300 мың теңге айыппұл төлеу және прапорщик шенінен айыру жөнінде шешім шығарды. Екеуінің де дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметтен өмір бойы аластатылды.
Семей қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы С.Жакуповжеке кәсіпкерлерден қызметтерін тоқтатқаны туралы құжаттарды жедел әрі кедергісіз дайындап беремін деген уәдемен 150 және 50 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталды. Бұл шенеунік те өмір бойы мемлекеттік қызметте істей алмайды. Екі жылға бас бостандығы шектеліп, дүние-мүлкі тәркіленді.
2017 жылы тағы үш мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметте істеу құқынан өмір бойғыға айырылды. Аягөз аудандық мемлекеттік кіріс органының архивариусы Ж.Қожаева, А. деген азаматты осы органның басшысына пара беруге итермелеп, алаяқтықпен 250 мың теңге алып алған. Ол А.-ны Аягөздің базарында алкоголь өнімдерін сатуға рұқсат алып беремін деп алдаған. Аяғында Ж.Қожаеваның барлық дүние-мүлкі тәркіленіп, өзі екі жылға бас бостандығынан айырылды, енді өмір бойы мемлекеттік қызметте істей алмайды.
«Бахты» кеден постының жетекші маманы С.Баекенов туристік топ — «Барика» ЖШС-нің басшысы Е.Қасымжановтың делдалдығымен және жеке өзі А. деген азаматтан халық тұтынатын тауарларды Қытайдан еш кедергісіз енгізу үшін 60 мың пара аламын деп, 4,2 млн.теңге айыппұл төледі. Пара алушылардың екеуі де енді ешқашан мемлекеттік қызметте істей алмайды.