Шетелдегі қазақтарды қолдау үшін 1,8 млрд теңге бөлінеді
2018 ж. 29 мамыр
4600
0
2018-2022 жылдарға шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау үшін бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы zhasalash.kz lsm.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әділет нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің хабарлауынша қаржы мөлшері республикалық бюджет бекітілетінк езде нақтылана түседі.Мәселен, «Алыстағы ағайын» фильмдер циклына жыл сайын 58,6 млн теңге бөлінеді. Ол фильм өзге елдегі белгілі қазақтарға арналады. Ал жат жердегі қандастарымызды мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған тележобаға тарту үшін 104,9 млн теңге бөлінеді. Бұнымен қоса, Қазақстанда білім алатын қандастарымыз стипендия алатын болады.
2018 жылы шет елде қазақ мектептерін ашу үшін және мәдени орталықтарға 9,6 млн бөлу көзделсе, халықаралық өнер фистеваліне 12,9 млн теңге бөлі көзделіп отыр.