Ratel.kz порталына қатысты сот шешімі белгілі болды
2018 ж. 28 мамыр
2046
0
Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі Медеу аудандық сотында Ratel.kz порталына қатысты шешім қабылданды,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Cудья Гүлмира Бейсенова "Ratel.kz газетінің шығарылуын тоқтату , Ratel.kz домендік атауын қайта тіркеуден бас тарту және бас редактор Марат Асиповқа және басқа да қызметкерлерге сайт материалдарын басқа бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде әлеуметтік желілерде жариялауға тыйым салу туралы Медеу аудандық прокуратурасының түсірген шағымы ішінара қанағаттандырылды. Ratel.kz аналитикалық интернет-порталының онлайн-редакциясының жұмысын тоқтату, қазақстандық БАҚ-та бір жыл бойы Ratel.kz домендік атауын пайдалануды тыйым салу", - деген шешім шығарды. Сондай-ақ, сот шешімі "Ratel.kz порталының бас редакторы Марат Асиповқа Ratel.kz интернет-порталынан ақпараттық материалдарды, интернет-ресурстарда және Ratel.kz, Balborsyk.kz, wildratel.com домендік атауларына арналған ақпараттық материалдарды шығаруға және таратуға тыйым салады", - деді судья Гүлмира Бейсенова.
Бас редактор Марат Асипов сот шешіміне шағымдануға ниетті екенін айтты.
2018 жылдың наурызында Бас прокуратура ratel.kz доменін өшіру үшін Қорғаныс және аэроғарыш индустрия министрлігінің «Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» РСБ-на нұсқау берген. Домен 2017 жылдың 3 желтоқсанында қайтыс болған Геннадий Бендицкиймен тіркелген еді.
Бақылаушы орган «Бендицкийдің домендік атауды тіркеуге өтінімінде көрсетілген деректер қазір «толық емес немесе сенімсіз» болып саналады, бұл «Интернет желісінің қазақстандық сегментінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және тарату ережелері» деген қағидатты бұзу болып табылады» деп түсініктеме берген.
Естеріңізгі сала кетейік, Ratel.kz қазақстандық сараптамалық сайты 19 наурыз күні күтпеген жерден істен шыққан болатын. Порталға VPN арқылы немесе басқа тәсілдермен кіру мүмкін болмаған.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін барлық материалдар уақытша Balborsyk.kz доменіне ауыстырылды. Артынша Ratel.kz ресми сайтының материалдарын Facebook әлеуметтік желісінде жариялау туралы шешім қабылданды, бірақ орган кейіннен бұл әрекеттерге де тыйым салды.
Бұдан кейін редакцияның журналистеріне Алматы қаласының Медеу аудандық прокуратурасынан арыз түсті. Соттың бірінші отырысы жабық өтіп, көптеген журналистер өз әріптестерін қолдау үшін арнайы келген болатын.
Танымал қазақстандық порталдың жұмысын ойда жоқта тоқтатып тастау бірінші рет болған оқиға емес. 2015 жылдың қыркүйек айында Ratel.kz сайты белгісіз себептермен бұғатталып, бес айдан кейін қайта іске қосылған.