Абай ауылының "зорланған" 7 жастағы тұрғынына қатысты деректер шықты
2018 ж. 19 мамыр
11381
1
Кәмелет жасқа толмаған баланың өкілі Құрманғазы Мүсір мен қоғам қайраткері Аружан Саин 7 жастағы балаға қатысты іс қалай жүріп жатқанын Facebook парақшасында жазды.
Құрманғазы Мүсір ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Б.С Селтановтың үстінен түсірілген шағым бойынша қозғалған қылмыстық істі ҚР Бас прокуратураға өткізуді сұрағанда өтініші қабылданбағанын жазды.
«30.03.2018 жылы кәмелетке толмаған сенім білдірушінің атынан (7 жастағы Абай тұрғыны) ОҚО ішкі істер департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасына ОҚО ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Б.С Селтановтың үстінен арыздандым. Осыдан кейін ҚР ҚК 362 бабы «Өз қызметін асыра пайдалану» бойынша оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
10 күн өткеннен кейін аталмыш қылмыстық істі ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокурорына тапсыру туралы өтініш білдірдім.
ОҚО прокуратурасы ештеңені түсіндірмеді, маған және басқа да тұлғаларға өтініш қабылданбағаны туралы қаулыны көрсетпеді. Ол қаулының бар екені күмән тудырады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, 99 бап бойынша біздің құқығымыз бұзылды.
5 күн өткеннен кейін криминалдық полиция басқармасының басшысына қатысты іс қайта ОҚО ІІД ЖБҚ-ға жіберілді.
25.04.2018 жылы мен қылмыстық істе шағымданушыларды «жәбірленуші» ретінде танып, Б.С. Селтановты тергеу амалдары біткенше «күдікті» деп тану туралы қаулы шығаруға өтініш білдірдім. Себебі ұсынылған мемлекеттік қорғаудан бас тартылды.
15 күн өткеннен кейін ОҚО ІІД ЖБҚ-ға тергеу бөліміне барып, менің өтінішім қабылданбағаны туралы жазбаша нұсқаны алуға мәжбүр болдым. Ол хат 28.04.2018 жыл жазылыпты мыс. Егер маған шынымен хабарласып, заң аясында жұмыс істегісі келсе, осы уақыт аралығында хатты пошта немесе басқа коммуникация жолдары арқылы жеткізетін еді. Қаулы да әлі шықпады.
ҚР ҚПК нормасы мен кәмелетке толмаған сенім білдіруші мен басқа да жәбір көргендердің құқығы тапталып отыр» деп жазды Құрманғазы Мүсір.
Ол Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданының прокуроры әл-Фараби аудандық соттың Б.Селтановтың 04.05.2018 жылы түсірген шағымы бойынша өзін ақтаған шешіміне қарсы шығуға барынша тырысып жүр деген сыбыс естігенін де жазады.
«Прокуратура мені айыптағысы келіп тұрғандай әсер қалдырады. Мүмкін прокуратура мені жазаламақ ойда шығар?» дейді баланың ресми өкілі.
Бұл жағдай туралы Аружан Саин да Facebook парақшасында өз пікірін білдірді.
«Егер білім беру жүйесінің мамандары мен полиция келіп түскен шағым бойынша әділетті тексеру жұмыстарын жүргізген жағдайға оларға қатысты ешқандай мәселе туындамаушы еді!
Мектеп директоры халықтың алдына шығып «Иә, мен қателестім. Бала, оның әжесі мен олардың заңды өкілдерінің шағымына немқұрайлы қарадым, осылайша заң аясында әрекет етпедім. Мен мұны жаман оймен жасағаным жоқ. Енді мұндай қайталанбайды» деп айтудың орнына баланың қорғаушысын сотқа береді.
Мектеп директоры не істеу керек еді? Баланың әжесі келіп директорға сұмдық нәрселерді айтты, баланы зорлайтындығын жеткізді. Кез келген Қазақстан азаматы, шенеунік, директор бұл жағдайда не істейді? Қазақстан азаматы заң бойынша полицияға хабарласу керек. Әжесі мен баласын құқыққорғау органдары қызметкерлеріне тапсыруы керек еді. Себебі ол баламен психологиялық тұрғыда сөйлесуге, тергеу жұмыстарын жүргізуге және баланы зорлап келген болуы мүмкін балалармен сөйлесуге ешқандай құқығы жоқ еді. Бұл жерде мәселе бір-бірінің оқулығын тартып алу немесе ұрып-соғу туралы емес, қылмыстық іс туралы болып тұр. Барлығы заңды жолмен емес, мәселені өзінің жеке бас мәселесі секілді шешуге тырысады.
Егер директор заң бойынша әрекет етсе... Оның фамилиясы ОҚО ІІД Криминалдық полиция басышымен бірдей болса, оған хабарласып, «туысқан, менің баламды ренжітіп жүргендер бар екен. Өзіңнің бақылауыңа алшы, ол бала ғой» деп айтса барлығы басқаша болушы еді. Олар қаһарман, баланы қорғаған, мәселені заңды тұрғыда шешкен адам болушы еді.
Бұл жағдайға немқұрайлы қарамайтын Kurmangazy Mussir, Дінмуханмед Артықов, Жанна Нурсеитова секілді азаматтар бар. Олар өз аудандарында баланың құқығын қорғауға талпынып жүр. Жүйе Қазақстан конституциясында жазылғандай жұмыс істейді деген үміт бар.
Ұйымдастыру мен қажетті көмек көрсету бойынша кетіп жатқан қаржыны Әсел мен Еркін Тәтішевтер, Анар мен Айдын Рахымбековтер, Аида мен Нұрәлі Әлиевтер қаржыландырып отыр» деп отбасын қолдап отырған басқа да адамдарға алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын «ОҚО-дағы Сарыағаш ауданы Абай ауылының жеті жастағы тұрғыны зорлықтың құрбаны болды» деген хабар әлеуметтік желіге кең тарап, жергілікті БАҚ-тың назарына ілініп, әлеуметтің ашу-ызасын тудырып, қатты талқылауға ұласқан. Қылмыстық іс қозғалған.