Proofpoint компаниясының мамандары Google Chrome және Firefox браузерлерінің қолданушыларына Vega Stealer деп аталатын вирус қауіп төндіргенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Вирус Chrome және Firefox арқылы банк картасының мәліметтерін ұрлауда
2018 ж. 15 мамыр
4742
0
Хакерлер жаңа вирустың көмегімен браузерлерде сақталып тұратын төлем ақпараттарын, яғни банк карталары деректерін, әлеуметтік желідегі жеке мәліметтер мен cookie файлдарының мәліметтерін ұрлаған.
Зерттеушілер анықтағандай, вирус маркетинг, жарнама, жұртшылықпен байланыс, бөлшек сауда және өндірісте бизнес өкілдерінің құрылғыларын зақымдау үшін пайдаланылған.
Хакерлер бағдарламаны тарату үшін стандартты фишингті кампанияларды қолданған. Олар «Интернет дүкенге құрастырушы қажет», «Тауарды кері қайтару», «Біздің фирмаға интернет-дүкен қажет» деген тақырыптарда электронды хаттар таратып, сонымен қатар, жеке бизнес өкілдеріне хабарламалар жолдаған.
Жіберілген хаттарда Vega Stealer зиянды макростарын жүктейтін brief.doc деген қосымшалар болған.
Мамандардың болжауынша, Vega Stealer жалпы қоғамға қауіп төндіріп, қарапайым қолданушылар арасында тарап кетуі мүмкін.