Астанада 3 жастағы бала 16-қабаттан құлап түсті
2018 ж. 13 мамыр
2785
0

Астанада 3 жастағы бала көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 16-қабаттан құлап түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл ақпаратты Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады.
Қайғылы оқиға 13 мамыр күні сағат 12:12 шамасында Иманов көшесінде орналасқан «Рахат» тұрғын үйінде болды.
«Үлкендердің қарауынсыз қалған үш жастағы бүлдіршін 16-қабаттан құлап, алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды», - дейді баспасөз қызметіндегілер.