ҰБТ. Түлектердің 80 пайызы қазақ тілін таңдады
2018 ж. 03 мамыр
4334
0
Мамыр туа мектеп түлектерінің мазасы кете бастайтыны белгілі. Неден дейсіз ғой. ҰБТдан, Ұлттық біріңғай тестілеуден.
Биыл сынақты 96 мыңнан астам, нақты айтсақ, 96963 түлек тапсырады. Сол 96 мың түлектің 73 мыңы ҰБТны қазақ тілінде, яғни, мемлекеттік тілде тапсыруға өтініш білдірген. Бұл туралы ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді.
Расында, бұл дегеніңіз жалпы сынақ тапсырушылардың 80 пайызын құрайды. Ал биыл мектеп бітіретін түлектер саны 146 мыңнан асып жығылады.
«Білім, ауыл шаруашылығы, ветеринария салалары бойынша 60 бал минималды шектеулі бал болып саналады. Ұлттық университеттерде - 65 бал. Медицина бойынша 65 бал. Яғни, бұрынғыдан ешқандай өзгеріс жоқ», - деді ол.
Ұлттық біріңғай тестілеу сұрақтарының 50 пайызы жаңартылған. Былтыр 40 мың сұрақ болған екен. Ал биыл тестілеу қорында 110 мың сұрақ дайындалған. 3 мың сұрақ ағылшын тілінде. 119 мың сұрақтың ішінде 11 пайызы функционалдық сауаттылыққа бағытталған.
Abai.kz