Тимур Құлыбаев Ресейдегі Высоцк портын өз бақылауына алады
2018 ж. 30 сәуір
3331
2
Кәсіпкер, ҚР президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаев Ресей мен Финляндия шекарасында,ы Высоцк портының активтерін сатып алмақ ниетте. Ал Ресейдің шетелдік инвестиция жөніндегі үкіметтік комиссиясы кәсіпкерге өз рұқсатын берді.
Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Үкімет комиссиясы қолдаған өтінішхат Қазақстан азамат Құлыбаев Тимур Асқарұлына қатысты. Ол бірақатар ресейлік акционерден Высоцк портын сатып алмақ. Бұл порт Ресей мен Финляндия шекарасынан 50 шақырым, Санкт-Петербург қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Құлыбаев аталған портты өз бақылауына алады. Алайда бұл Кедендік одақтағы жұмыстардың жалғасы. Қазақстан өкілінің Балтықтағы салмақты активтерді сатып алуы бізді қуантып отыр», – дейді Федералдық антимонополиялық қызметінің басшысы Игорь Артемьев.
Айта кетсек, кәсіпкер Тимур Құлыбаев Kazenergy Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығының төрағасы, «Атамекен» Ұлттық палатасы президиумының төрағасы, «Газпромның» тәуелсіз директоры болып табылады.
Айта кетсек, Қазақстанның ең бай адамы Тимур Құлыбаев Forbes рейтингінде жеңімпаз атанды. 4 наурыздағы деректер бойынша, оның барлық байлығы 3,3 млрд долларды құрады.