Қырғыз белсенділері экс-президенттің қол сұғылмаушылық мәртебесін алуды талап етіп жатыр

Азаматтық белсенді және заңгер Нұрбек Токтакунов Қырғызстанның Конституциялық палатасына «Қырғыз Республикасы президентінің қызметіне кепілдік беру» жөніндегі заңға енгізілген экс-президентке қол сұғылмаушылық талабын алып тастау жөнінде арыз түсірді.

Токтакунов Facebook парақшасында экс-президент ел басқарып тұрғандағы қызметі үшін ғана емес, қазіргі іс-әрекеттері үшін де заңмен қорғалады деп жазған.

Оның сөзінше, экс-президент саяжайында демалып, саяхаттап, студенттерге лекция оқығанның орнына, белсенді түрде саяси күреске араласып жатыр. Бұл қоғам үшін қауіпті.

«Ол Конституциялық заңмен қорғалу арқылы қарсыластарынан күшті бола түстеді, өйткені оның қолында туз картасы бар. Оның қарсыластарын түрмеге отырғызуы мүмкін. Бұл тәртіпсіздікті түзеу үшін мен сотқа шағымдандым», - деп атап өтеді Нурбек Токтакунов.

«Қырғыз Республикасы президентінің қызметіне кепілдік беру» жөніндегі заңның 12 бабы экс-президентке қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етеді.

Abai.kz