Қазақстандық әйел Риганың ортасында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Латвия Мемлекет полициясының сайтына сілтеме жасап.
Риганың ортасында қазақстандық әйелдің денесі табылды
2018 ж. 20 сәуір
4036
1
Құқыққорғау қызметкерлерінің деректеріне сүйенсек, әйелдің денесі 8 сәуірде сағат 17.00-ге қарай дәретханадан табылған. Сарапшылардың бірінші қорытындысына қарағанда оны біреу буындырып тастаған. Күдікті ретінде онымен бірге тұрған ер адам астананың әуежайында ұсталды. Қазір ол уақытша қамау изоляторында отыр. Тергеу жүріп жатыр.
Латвия заңнамасына сәйкес, мұндай қылмысқа өмір бойы немесе 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
Ал ҚР СІМ қайтыс болған әйелдің қазақстандық екенін растады. Бұрын Қарағандыда тұрған. Қазір дипломаттар оның отбасына барынша қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарлады tengrinews.kz.