ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды

Талғат Донақов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

***

Т.С. Донақовты Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының           

Президенті 

Н.Назарбаев  

Астана, Ақорда, 2018 жылғы  4 сәуір

№ 658