Алматы облысында жаңа аудан құрылады - Елбасы Жарлығы
2018 ж. 03 сәуір
3777
3
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі.
Ақорда сайтында жарияланған Жарлыққа сәйкес Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылады.
Сондай, Елбасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдауын тапсырды.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.