Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 41-ге жетті: Қылмыстық іс қозғалды
2018 ж. 31 наурыз
4273
6
Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 41 адамға жетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.
- ОҚО Полицейлердің мәліметінше қазір азаматтардың жаппай улану оқиғасы бойынша ҚР ҚК 304-бабымен қылмыстық іс қозғалған. «Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби полиция бөліміне жұқпалы аурулар ауруханасынан 41 адам балмұздақтан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт әл-Фараби полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне «санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда», делінген хабарламада.
Еске салайық, кешеден бері Шымкент қаласында балмұздақ сататын бір орыннан тәтті жеген 40-тан астам адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өткір ішек инфекциясымен түсті.