Перуашев Кемероводағы қайғылы оқиғаға байланысты ресейліктерге көңіл айтты
2018 ж. 28 наурыз
1871
3
Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Азат Перуашев «Ақ жол» фракциясының атынан Кемероводағы қайғылы оқиғаға байланысты ресейліктерге көңіл айтты.
«Баршаңызға мәлім, бұл күндері мыңдаған қазақстандықтар Ресейдің ондаған азаматтарының, соның ішінде басым бөлігі балардың өмірін жалмаған Кемерово қаласындағы өрт апатында қаза болған құрбандардың туған-туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, көңіл білдіруде. Осыған байланысты бүгін Ресейде жалпыұлттық Аза тұту күні жарияланды.
«Ақ жол» фракциясы зардап шеккендердің отбасына көңіл айтып, көршілес елдің қайғысына ортақтасады.
Орны толмас қайғыға душар болған сіздерді жұбатуға біздің қауқарымыз жетпес, дегенмен мұндай қаралы күнде сіздермен біргеміз», - деп атап өтті фракция жетекшісі.