Қазақстандық сауда орталықтары Ресейде болған қайғылы оқиғадан кейін де тексерілмейтін болды
2018 ж. 27 наурыз
3743
1
Бүгін Ішкі істер министрлігі Ресейде болған қайғылы оқиғадан кейін де Қазақстандағы сауда орталықтары тексерілмейді деген мәлімдеме жасады. Ішкі істер министрлігі жеке сауда және ойын-сауық орталықтары, сондай-ақ заңға сәйкес көп адамдар жүретін ғимараттар белгіленген кесте бойынша ғана тексерілетінін айтты. Бұл туралы КТК хаабарлады.
Бүгінде бұл тақырып тек Ішкі істер министрлігінде ғана емес, Мәжілісте де көтерілді. Қазақстанда шағын және орта бизнестегі негізсіз тексерулерді жою бойынша жүйелі шаралар қабылданды. Нәтижесінде Ішкі істер министрлігінің жоспардан тыс мониторинг жүргізе алмайтыны белгілі болды.
«Өткен жылдың қараша айында ішкі істер министрлігіне көп қабатты үйлер мен ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі жөнінде өтініш білдірдім. Олардың көбісі өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейді. Екіншіден, бүгінгі күні бақылау органдары тиісті тексеру жүргізе алмайды. Менің жазған өтінішіме министр қолданыстағы заңнама аясында тексеру мүмкін емес екенін айтты. Ал кейін Алматы Тауэрсте өрт шығып, студенттер қайтыс болған кезде инспекторлардың ештеңе істей алмағаны белгілі болды»,- дейді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.
Сонымен қатар Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өз қызметкерлерінің ОСО немесе басқа қоғамдық ғимаратта тексеру жүргізе алмайтынын түсіндірді. Ал бас прокуратурамен келісіліп жасалған барлық тексерулер жоспарда бекітілген. Сондай-ақ инспекторлар кәсіпкерге тексеру жүретінін бір ай бұрын ескертуге міндетті екен.
«Біздің қызметкерлер жылына бір рет осы объектілерді тексеруге құқылы. Егер олар шағын және орта бизнес объектілері болса, әрбір 3-4 жылда тексерілуі мүмкін. Жалпы, жоспарланған барлық объектілер белгіленген уақытта тексеріліп жүр»,-дейді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.