Ресейдің Кемерово қаласындағы өрт құрбандарының саны 64-ке жетті
2018 ж. 26 наурыз
4405
2
Кемероводағы сауда орталығында болған өрт апатынан қайтыс болғандар саны 64 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Өкінішке қарай, апат салдарынан қайтыс болғандар саны 64-ке жетіп отыр», - дейді Ресей ТЖМ басшысы Владимир Пучков.
Оның сөзіне қарағанда, алты адамның денесі әлі шығарылмаған. Өрт сөндірушілер 1,5 мың шаршы метрді шарпыған жалынды сөндірген. Алайда ғимараттың құлау қаупі бар. Қалаға ғимараттарға тіреуіш ретіндегі қосалқы қондырғылар жеткізілген.