3 миллионға әжетхана салдырған әкім ірі көлемде айыппұл төлейді
2018 ж. 20 наурыз
2625
3
Оңтүстік Қазақстан облысында Жетісайдың әкс-әкімі Байдуалы Базарбаева пара алды деп танылды. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.
Іс материалы бойынша, Базарбаев арам жолмен 200 мың теңге алған. Мақтаарал аудандық соты оған 6 еселенген көлемде, яғни 12 миллион теңге айыппұл салды.
Базарбаев сотта өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда ол мемлекетке 4 миллион теңге төлеп үлгерген.
Байдуалы Базарбаев өткен жылдың қаңтарында Жетісайда қоғамдық әжетхананы таныстырғаннан кейін танымал болып шыға келген еді. Оның құрылысына, БАҚ-тың мәліметінше, 3 миллион 140 мың теңге жұмсалған.