Қостанайда тоғызыншы сынып оқушысын өлтіріп кетті
2018 ж. 19 наурыз
2267
1
Қайғылы оқиға 17 наурызда облыс орталығында болды. Қостанай қаласында № 11 мектептің тоғызыншы оқушысын өлтіріп кеткен.
Бұл туралы alau.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
17 наурызда мектеп оқушысының қайтыс болғанын Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру мекемесінің өмірлік маңызды функцияларды қамтамасыз ету бойынша сектор меңгерушісі Евгений Терентьев мәлімдеді.
«№ 11 мектептің 9 сынып оқушысы өлтірілген. Бұл қайғылы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға туралы бұдан басқа ешқандай мәліметті жария ете алмаймыз», – деді Евгений Терентьев.