Алматы облысының Көксу ауданында инфрақұрылымдық жұмыстар жүзеге асырылуда
2018 ж. 15 наурыз
2441
0
Көксу ауданының құрылыс жұмыстардың көлемі 17 миллиард 251 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімі Әділ Алмас баяндады.
Балпық би ауылында 20 пәтерлік жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы басталып, осы жылы аяқталады. Сонымен қатар, 20 және 50 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге және жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникциялық желілері құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау ағымдағы жылы аяқталады.
Өткен жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында Қаратал және Жарлыөзек ауылдарының су жүйелерінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары, сонымен қатар Балпық би ауылының жылу жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Оның сыртында Балпық би ауылындағы көшелерінде жарықтандыру шамдарын жарық диодты шамдарына ауыстыру және Алматы-Өскемен жолының бойындағы алаңды абаттандыру мен ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті маңызы бар жолдарды қалыпта ұстау мақсатында Балпық би, Ақтекше және Мұсабек ауылдарының 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары, Бесқайнар және Нәдірізбек ауылдарының 2 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның сыртында Балпық би ауылында көлік тұрағының ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3 бағдаршам орнатылды.
Аудан бойынша 1 автобекет Алматы, Жаркент, Үштөбе қалаларына және аудан ішінде жолаушы тасымалы қызметтерін көрсетуде. 4 автобус жол бағдарымы бар. Олар Балпық би, Ақтекше, Балпық би - Мәулембай, Балпық би - Жетіжал, Балпық би - Талдықорған. Аталған бағыттар бойынша 16 елді мекендерге қызмет көрсетілуде.