Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
2018 ж. 23 ақпан
5026
0

Астанадағы Тұран даңғылыда «Chevrolet Cruze» маркалы жеңіл көлік автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оқиға жергілікті уақытпен 8.42-де болған. №46 бағытының автобусы Тұран даңғылының бойымен 40 км/сағат жылдамдықпен «Астаналық парк» аялдамасы маңында (Wialon Pro бағдарламасына сәйкес) келе жатқан. Белгіленген Bus Lane жолағында Chevrolet Cruze маркалы жеңіл автомобильмен соқтығысқан», - деп хабарлады «Astana LRT» АҚ баспасөз қызметі.
Алдын ала дерек бойынша, автобуста ешкім зардап шекпеген. Алайда, жеңіл көліктегі жолаушылар ауруханаға жеткізілген.