Ақмола облысында Атбасар қаласында канализациялық құдықтан сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлады Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстанға» аудандық әкімшілігінен хабарлаған.
«Сәбидің денесін сәрсенбіде «Атбасар су» қызметкері құдықты жабатын тетікті тексеру кезінде тапқан», – деп жазады агенттік.
Мәлімет берушінің айтуынша, қыз баланың үстінде күртеше, жаялық және комбинезон болған. Баланың жасы – шамамен 1-3 ай. Салмағы – 5 келі.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ауданда тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, олар жергілікті аурухананы тексеріп, соңғы айларда босанған барлық әйелді анықтауда.
Азғын басқарған елде сәбилер кезкелген жерден табыла береді.