Қазақстандық шенеуніктер үй және шипажайдағы демалыспен қамтамасыз етіледі
2018 ж. 01 ақпан
4122
13
ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілердің бағасы арзандатылған үйлермен және өзге де жеңілдіктермен қамтамасыз етілетіндерін айтты.
Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі kaztag.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Агенттік мемлекеттік қызметшілердің тұрғын үй алуда жеңілдіктерге ие болып, жергілікті медициналық қызметті тегін алып, санитарлық шипажайларға арзандатылған бағамен барып және балабақшада тегін орындармен қамтамасыз етілуін қадағалайды», – дейді ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнің төрағасы Алик Шпекбаев.
Оның айтуынша, агенттіктің қазіргі мақсаты – «Б» корпусындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын жақсарту. Мұнымен қатар, ол мемлекеттік қызметшілердің жетекшілерден көрген қысымы туралы шағымдарының заң аясында, барынша әділетті түрде қарастырылатынын айтты.