Әлемдегі ең ұзын ер адам мен қысқа бойлы әйел кездесті

Мысырдың Мәдениет және туризм министрлігінің шақыртуымен Каирге әлемдегі ең ұзын бойлы адам түркиялық Сұлтан Көсен мен әлемдегі бойы ең қысқа әйел үндістандық Джиоти Амге келді.  Бұл туралы Ntv haber хабарлады, деп жазады Хабар 24.

Олар елдегі тарихи орындарды аралап көрді.  Әлемдегі ең ұзын бойлы адам атымен танылып, Гиннестің рекордтар кітабынан орын алған Сұлтан Көсен Египет туризміне қолдау көрсету мақсатында Каирге аттанған. Бұл - оның бұл елге алғашқы сапары.

Бойы 2 метр 51 сантиметр болатын Көсеннің қасында бойы небәрі 62,8 сантиметрлік үндістандық бойжеткен Джиоти Амге Гиза пирамидалары алдында суретке түсті. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ерекше адамдар Каирде 4 күн болады.