Алматының бірнеше кафесіндегі дайын тамақтан жәндіктер табылды
2018 ж. 27 қаңтар
3075
1
Алматыда азық-түліктердің сапасы бойынша 49 арыз түсіп, бірнеше дәмханадағы тамақтардан жәндіктер табылған. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова айтты, - деп хабарлайды stan.kz.
Департамент басшысының айтуынша, барлығы 49 аарыз түскен. Олардың көбі тамақтардың көгеріп кеткені, жәндіктер табылғаны туралы, нанның сапасы мен сүт өнімдеріне қатысты жазылған
“Дональдс» фаст фудында, «Сары Арқа» базарында, «Адал» дүкені мен «АДК» гипермаркетіне, «Рузи нан» наубайханасында көгерген азық-түліктер шықты. «Ром кафе», «Меззалуна», «Дунганка», «Табуко», «Лаффа» дәмханаларында дайын тағамнан жәндіктер шықты. Сонымен қатар, Виктория», «Достық», «Түрген» дүкендеріндегі өнімдердің сақталу мерзімі өтіп кеткен”, – дейді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы.
Анықталған фактілер бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. 907 600 теңге көлемінде 19 айыппұл салынған.
Оның ішінде 6-ы тамақ, сауда орындары бойынша. Олар: «Виктория», «Магнум», «Достық», «Түрген», «Севилия», «Афон-про» дүкендері.
13 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынына 16 ұйғарым беріліп, іс-әрекетін тоқтату бойынша 2 материал сотқа жолданған. Олар: «Жадыра -жайна», «Жайсан», «Таглаура», «Ата донер», «Тандор», «Ифтар», фаст фуд «Дональдс», «Рома кафе», «Эдем», «На даче», «Тастемир», «Меззалуна» дәмханасы мен асханасы.