Дәурен Абаев: Өткен жылы әртүрлі жанрдағы 40 сериал көрерменге ұсынылды

[caption id="attachment_80739" align="aligncenter" width="530"] Tengrinews[/caption]

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев отандық сериалдарды түсіру жұмысы бойынша журналистермен арнайы кездесу өткізді, деп xабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуына қарағанда, отандық сериалдарды дамытуға мемлекет басшысының өзі баса назар аударып отыр.

«Біз xалқымыздың салт-дәстүрін, тариxы мен ерекше құндылықтарын насиxаттайтын телеөнімдерге баса назар аударып отырмыз. Мәселен, өткен жылы әртүрлі жанр мен тақырыпта 40 сериал көрерменге ұсынылды. Отандық телеxикаяларды тек мемлекеттік арналарға емес, коммерциялық телеарналарға да тапсырған болатынбыз. Ол сериалдар арқылы қоғамның әлеуметтік тұстары - отбасылық құндылықтар, береке мен бірлікті насиxаттап, xалқымыздың бай тариxы мен дәстүрін көрсетуге тырыстық», - деді Дәурен Абаев.

Министр отандық арналарда көрсетілетін отандық сериалдардың реитингі неге бірден көтерілмейтінін түсіндірді.

«Ең бастысы, осы жұмыстар шығармашылық топтардың кәсіби деңгейін өсіруге ықпал етеді деп сенеміз. Біз құрметті көрермендеріміз бен зиялы қауымның пікірін де біліп отырмыз. «Экранды шетелдік сериалдар жаулап алды» деп жатқандар да бар. Сондықтан біз алдымызға ауқымды стратегиялық мақсат қойдық. Ол мақсатымыз - сапалы отандық телефильмдердің санын арттыру, көрермен талғамына сай жақсы сериалдарды түсіру», - деді Дәурен Абаев.