Назарбаевтың қандай маңызды мәлімдеме жасайтыны белгілі болды
2018 ж. 09 қаңтар
3185
0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Бүгін 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты республикалық телеарналардың эфирінен мәлімдеме жасайды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Осыған дейін Ақорда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлаған еді.