ҚАЗСАТ ҚАЙДА? ЕКІНШІСІ АЙДА...

2011 жылы 16 шілде күні  таңғы сағат 5-тен 16 минут кеткенде елімізде ерекше оқиға болды! Байқоңыр ғарыш айлағындағы №200 ұшыру алаңынан «ҚазСат-2» қазақстандық жер серігі ғарышқа самғады.  Оны Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық шенеуніктер мен ҚазСат-ымызды тағы да 115 миллион долларға  жасаған ресейлік ғарыш қызметкерлері тамашалады.   «Протон-М» зымырантасығышы арқылы «ҚазСат-2» жер серігімен бірге ғарыш кеңістігіне америкалық «ОС-2» телекоммуникациялық жерсерігі де жеткізілді. Елмен бірге қуанып тұрып, ертең бұған да екі-үш  жыл бұрынғыдай ғарыш жайлауына айдай салып, адасып қалған ҚазСАТ тағдыры тап болмаса екен деп тіледік... Сол жүздеген миллион доллаорға жасаған ҚазСАТ қазір қайда жайылып жүр екен?.. Өрісін оны жасаған ресейліктер білмес пе екен? Әлде, біреулер тауып алып, ауласына байлап қойып, сауып отыр ма екен?.. Сапар СЕЙХУНИ